375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңірінде «Денсаулық керуені» жолға шықты

  • 166
  • UPD: 21:45, 10.03.2019

Төрт топқа бөлінген дәрігерлер өңірдің барлық ауданын аралап, Байқоңыр қаласына да барады.

Олар жергілікті медициналық мекемелердің базасында 10 күн бойы тұрғындардың денсаулығын тексереді. Сондай-ақ мүгедектікті рәсімдеу тәртібі мен ережесін түсіндіру үшін мамандар арнайы топтарға біріктіріліп отыр.​Мақсат - өңірдің әрбір тұрғынына сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Олжас Ысқақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Нәтижесінде 1003 тұрғынымыз қаралып, соның 18-і стационарлық көмекке жатқызылды, 2-еуіне арнайы жоғарғы медициналық көмек қажеттілігі анықталып, бүгінгі таңда құжаттарын рәсімдеу мәселелері жүріп жатыр. Қалған науқастарға қажетті амбулаторлық ем, қажетті тексерулері тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы