378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы кәсіпорындар Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастырып отыр

  • 165
  • UPD: 21:40, 10.03.2019

Ақмола облысының 130-дан астам кәсіпорыны Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыруға үлес қосып келеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын нысандардың мақсаты – елорданы сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл іске алыс аудандардағы өндіріс ошақтары да белсенді атсалысып жүр.

Астанадан 100 шақырым қашықтықтағы Ақкөл қаласындағы бұл кәсіпорын, соңғы жылдары өнім көлемін едәуір ұлғайтты. Себебі сұраныс жоғары. Мәселен, 2017 жылы 17 тонна ғана өнім шығарса былтыр 45 тонна шұжық өнімдерін өндірген.

Гюзель Искандарова, технолог:

- Біздің басты мақсатымыз өнімдерімізді Астана қаласында саудалау. Бұл біз үшін жан-жақты тиімді. Бұйыртса, биыл 90 тонна өнім шығаруды жоспарлап отырмыз. Сатылым нарығын да кеңейтеміз.

Мұнда өнім көлемі ғана емес, шұжықтың түрлері де көбейіп келеді. Қазір цехта бұрынғыдай 50 емес, 70 түрлі өнім өндіріледі. Тамақ өнеркәсібі бүгінде Астанаға жақын жатқан елдімекендерде ғана емес, алыс аудандарда да жақсы дамып келеді. Мәселен, Жақсы ауданының Жаңақима ауылындағы бұл цехта тәулігіне 300 келі жартылай дайын өнімдер әзірленеді.

Людмила Сарманова, технолог:

- Біздің тұшпара цехында 15 адам еңбек етеді. Ал наубайханада 5 адам жұмыспен қамтылған. Қазір өнімдеріміз аудан көлеміне сатылып жатыр. Ауыл тұрғындарының өзі бізден сатып алады.

Аймақтағы осындай өндіріс ошақтары халықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, былтыр Ақмола облысында шағын және орта бизнес нысандарында 7 мыңнан адам жұмысқа орналасқан.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы