378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында еңбекке жарамсыздық парақшалары QR кодпен беріле бастады

  • 188
  • UPD: 23:32, 10.03.2019
Жамбыл облысында еңбекке жарамсыздық парақшалары QR кодпен беріле бастады

Жамбыл облысында еңбекке жарамсыздық парақтары QR кодпен беріле бастады. Енді арнайы мобильді қосымша арқылы құжаттың заңды немесе заңсыз берілгендігін оңай анықтауға болады.

Бұл бір есептен жемқорлықты жоюдың бір жолы. Жоба іске қосылғалы 2 мыңнан астам адам еңбекке жарамсыздық парағын осы жүйе арқылы алыпты. Биыл медициналық анықтама да жаңа жүйеге енгізілмек. Сонымен қатар «Жамбыл адалдық алаңы» жобасы аясында әлеуметтік желіде бірнеше топ ашылды. Мұнда тұрғындар балабақша, мектеп, медицина салаларына қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қалдыра алады. 

Дәурен Омаров, ҚР МҚІСЖҚІА  облыстық департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл жобалық кеңсе арыз қабылдайтын орган емес. Бірақ хабарландыру түссе, хабарландырудың нәтижесінде қандай да бір құқық бұзушылық фактілері нақты орын алып жатса. Ол бірден тиісті органдарға жолданады. Мысалы, еңбекті қорғау департаменті, охрана общественного здоровья дейді. Юстиция, ДВД деп айтарлық. Басқа да. Немесе өзіміз ақарай алатын болсақ,өз құзырымызға жататын болса департамент тарапынан оның мәселесінің бәр қарап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы