375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда табиғи газға сұраныс артып келеді

  • 106
  • UPD: 15:19, 11.03.2019

Соңғы жылдары Қытай билігі экологиялық ахуалға ерекше мән бергендіктен табиғи газға деген сұраныс артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай газ қауымдастығының мәліметі бойынша, Бейжің қаласы тұрғындарының 98 проценті көгілдір отын желісіне қосылған екен. Бұл шаһарда да оқыс оқиғадан газ жарылатын жағдайлар кездеседі. Сондықтан газбен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі жылдан-жылға күшейіп келеді. Жалпы, Бейжіңге көгілдір отын Қазақстан арқылы өтетін «Орталық Азия – Қытай» газ құбырымен жеткізіледі. Былтыр Қытай астанасы 19 миллиардқа жуық текше метр газ пайдаланған. Елдегі газ қауымдастығы төрағасының орынбасары Чи Гуоцзиннің айтуынша, бұл саладағы қауіпсіздіктің стандартын заман талабына сай Солтүстік Америка, Еуропа, Жапония және Оңтүстік Корей елдерінің тәжірибесін енгізіп жатыр. Газды тарту құрал-жабдықтарын жаңартып, қауіпсіздікке барынша көңіл аударылады. Заңға сәйкес құбырларды тексеріп тұруға газ жеткізуші компания жауапты. Халық та жауапкершіліктен босатылмаған. Оқыс оқиғаның алдын алу үшін тұтынушы арнайы нұсқаулыққа сәйкес отынды сақтықпен қолдануға, күдік туындаған жағдайда, жедел желіге қоңырау шалуға міндетті.

Чи Гуоцзин, Қытай газ қауымдастығы төрағасының орынбасары:

- Әдетте газ компаниясы өзінің желілері бойынша тексеру жүргізеді. Бұған қаланың сыртынан бастап автоматты түрде газ құйылып тұратын станцияларға дейінгі құбырлар жатады. Жоғары қысымды желілер мен ғимараттарға берілетін төмен қысымды құбырлар да біздің құзырда. Бұл тексерулердің шығынын өзіміз өтейміз. Егер ақау клиенттің аумағынан шықса, бөлшектерді ауыстыру сияқты өзге де шығынды өз қалтасынан төлейді.

Хабар 24 телеарнасы