378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 22 млрд теңге бөлінеді

  • 121
  • UPD: 15:18, 11.03.2019
Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 22 млрд теңге бөлінеді

Биыл Маңғыстау облысында инженерлік инфрақұрылым жүйелерін дамытуға 22 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражат облыс қазынасынан бөлінеді. Аймақ әкімдігі Ақтаудан шалғай ауылдарға ауызсу желісін тарту мен жол салу жұмыстарын жандандыруды көздеп отыр. Тәуелсіздік жылдары осы өңірге қарайтын жеті елді мекеннің барлығына газ құбыры тартылды. Екі қала мен бес ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Былтыр аймақ тарихында алғаш рет жалпы көлемі 1,2 млн шаршы метрден астам баспана халық игілігіне берілді. Тоғыз мыңдай жанұя қоныс тойын тойлады.

Айта кетейік, жаңа пәтерлер бірінші кезекте мүгедектер, жетімдер мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілген.

Әлихан Қыраубаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары:

- Өңір тұрғындарының әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын баспанамен қамтуға басымдық берілген. Осы ретте облыс бойынша кешенді іс-шаралар жасалуда. Соның ішінде сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы тұрғын үй салу көлемін арттыру күн тәртібінде тұр. Осы жылдың соңына дейін шамамен 400-дей жалдамалы пәтер мүгедектер мен жетім балаларға беріледі деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы