375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар 2023 жылы толықтай газбен қамтылады

  • 120
  • UPD: 15:17, 11.03.2019

Мамыр айында Астана қаласын газдандырудың алғашқы мерзімі басталады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жалпы жоба үш кезеңге жоспарланған. Бұл үшін қазынадан 52 млрд теңге қарастырылды. Мамандардың айтуынша, 2023 жылы астаналықтар толықтай газбен қамтылатын болады.

Астанада 22 мыңнан аса жер үй бар. 2023 жылға қарай оларды толығымен табиғи газбен қамту көзделген. Қаланы газдандыру жобасы биыл басталмақ. Алғашында 9 кешен іске қосылуы тиіс. Бөлінген қаражат – 26 млрд теңге.

Ербол Төлеуов, қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

- АГТС 1, Көктал 1, Көктал 2 мекенжайлары газдандырылады. Содан газ құбыры оңтүстікке кіреді. Оңтүстік-шығыстың оң жақ, сол жағы.

Елордадағы ЖЭО-лары да осы кезеңде газға қосылады. Мамандар бір жылда үш орталық 430 млн текше метр газ жағуы мүмкін екенін, бірақ сұйық отынмен қоса, басқа да жылыту көздері пайдаланылатынын болжап отыр. Алайда көмір экологияға зиян, дизель отыны қымбат. Ал газ да арзан емес. Астанадағы 1 текше метр газ құны 50 мың теңге шамасында. 

Әнуарбек Есенәлиев, бөлім басшысы:

- Құрылыс жобасында еш өзгеріс болмайды. Жаңа шағын аудан пайда болса, оған жеке қазандық қоса салынады. Газ тарту жүйесі енгізу арқылы жылу таратамыз. Қаланың шетінде салынып жатқан тұрғын жайлар осылайша жылыту орталықтарына қосылады.

Елорданы газбен қамту 3 кезеңге жоспарланған. Бөлінген қаражат та ауқымды. 52 млрд теңге. Сұйық  отын «Сарыарқа» газ құбыры арқылы таратылады. Өтініш берген абоненттер газға орталықтандырылған газ тарату жүйесі бойынша қосылады.

Ербол Төлеуов, қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

- Жер үйлердің бәрі газдандырылады. Экологияға зиян келтіріп жатқаны – түтіннің басуы. Газ келгенде, ондай түтін жоқ. 

Айта кетейін, бүгінде 9 млн қазақстандық табиғи газды пайдаланып отыр.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы