378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 500 мыңдай тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді

  • 142
  • UPD: 15:17, 11.03.2019
Қостанай облысында 500 мыңдай тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді

Қостанай облысында соңғы төрт жылда 200 шақырымнан артық газ құбыры тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шамамен 500 мыңдай тұрғын көгілдір отынға қол жеткізіп, 9 аудан мен төрт қала газдандырылды. Бұл облыс халқының жартысынан астамына тең. Бүгінде бірнеше жеке компания өңір бойынша газ жабдығының жұмысқа жарамдылығын тексеру лицензиясына ие. Олар жыл сайын жоспарлы бақылау жасап, қажет болса жабдықты жөндеп ауыстырады. «Негізінен техникалық ақаулар түтіндіктерде тіркеледі», – дейді мамандар. Өз кезегінде бұл адамдардың көмірқышқыл газынан улануына әкеп соғады.

Дәурен Махамбетов, газ жабдығына қызмет көрсетуші ұйымның  басшысы:

- Бізбен шарт жасалғаннан бастап үйде газ кету анықталса, оларды жою жұмыстарын тегін жүргіземіз. Қалған жұмыстар абоненттің өтінішіне сәйкес орындалады және жөндеу жұмыстарына жатады. Жалпы, газ жабдығындағы кез келген ақауларды заманауи техника мен жабдықтарды пайдалана отырып дер кезінде жоюға қабілетті білікті мамандары бар газ тарату мекемелері айналысады. Бұл тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану үшін кепілдік болады.

Хабар 24 телеарнасы