375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында сәуірде баклажан піседі

  • 135
  • UPD: 13:40, 11.03.2019

Биыл Сарыағаштық диқандар баклажанды жылыжайда өсіруді қолға алды.

Қаңтар айында 4 гектар жерге 120 мың түп көшет отырғызған. Қазір ондағы жас көшеттер жайқалып тұр. Алды түйін байлай бастаған. Алдағы сәуір айында толық пісіп, жетіледі. Мұндағы ауа температурасы 18-20 градустан төмен болмауы керек. Сонда тез өседі, әрі ауруға шалдықпайды. Егер бабы мен күтімі келіссе, әр түп 4-5 келіге дейін өнім береді. Демек, 1 маусымда 4 гектардан 400 тонна өндіріледі. «Тамшылатып суару әдісінің арқасында шығынды азайтып, табыс көлемін арттырып отырмыз. Ендігі жоспарымыз барлығы ойдағыдай болып жатса, өнім көлемін ұлғайта түсеміз. Оған мүмкіншілігіміз жетеді, тек жұмысты жүйелеп, еңбек етсек болғаны», – дейді Бауыржан Қалыбай. Қазір мұнда 80 адам тұрақты еңбек етеді. Айына 60-70 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында 181 гектарға қосымша жылыжай салынып, жалпы көлемі 1 мың 344 гектарға жетті. Мәселен, республикадағы жылыжайлардың 77 пайызы осы өңірге тиесілі.

Бауыржан Қалыбай, бас агроном:

- Бірінші жыл егіп жатырмыз. Құдай қаласа, жақсы өнім аламыз деген үміттеміз. Қарау керек. Жылуды өте жақсы көретін өсімдік. Ресей мен Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен келісімшарт жасалды. Өздері келіп, баклажанды көріп, алып кетеді.

Хабар 24 телеарнасы