378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эфиопиядағы апат: Қазақстан әуе компанияларында ұшу қауіпсіздігі тексерілуде

  • 136
  • UPD: 13:31, 11.03.2019
Эфиопиядағы апат: Қазақстан әуе компанияларында ұшу қауіпсіздігі тексерілуде

Азаматтық авиация комитеті паркінде Boeing ұшағы қазақстандық әуе компанияларына нұсқаулық жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті эфиопиялық Ethiopian Airlines әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасының паркінде Б-737 (CLASSIC, NG, Max), Б-757/767 санатындағы әуе кемелері бар компанияларына тренинг өткізіп, процедураларды әзірлеуге, сонымен қатар жаттығу дайындығы бағдарламасына экипаждың ұшу кезеңіндегі жылдамдық, биіктік алу және эшелон құрылғылары дұрыс көрсетпеген жағдайда (loss of control in the event of unreliable speed indication – take off, climb, cruise) әрекет ету іс-қимылын қосуға кеңес береді», – делінген комитет хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы