378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында адам өлімі үшін 10-нан астам маман жауапқа тартылады

  • 130
  • UPD: 15:40, 11.03.2019

Бүгін еңбек инспекторлары Екібастұз жылу электр станциясындағы қазандық цехы аусымы бастығының өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде кәсіпорынның кінәсі анықталды. Арнайы тексеріс нәтижесінде жұмыс беруші тарапынан бірқатар олқылық анықталды. Атап айтқанда, №8 қазандық агрегаты құбырының жарылуына құбырдың ішкі каррозиясы себеп. Ақау өткен жылдың желтоқсанында анықталса да, жауапты мамандар тарапынан ешқандай шара қолданылмаған.

Еске салсақ, оқыс оқиға 26 қаңтарда болды. 40 жастағы азамат өндіріс орнында көз жұмды. Ауысым бастығы Ержан Жақсылықов құбырдан шыққан буға күйіп қайтыс болды. Оның температурасы +450 градусты құраған.

Асқар Қапанов, облыстық еңбек басқармасының басшысы:

- Тексеріс нәтижесінде кәсіпорын кінәлі деген байламға келдік. Құбырдағы ақау бұған дейін анықталса да, тіркелмеген. Енді бұл жайт үшін жұмыс беруші тараптың 10-нан астам маманы жауапты деп танылды. Қазіргі уақытта тексеріс қорытындыларын ішкі істер органдарына жолдадық. Нақты шешімді полиция өкілдері шығарады.

Хабар 24 телеарнасы