378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда еріген қар суынан қауіп бар

  • 116
  • UPD: 15:15, 11.03.2019
Оралда еріген қар суынан қауіп бар

Оралда еріген қар суынан келер қауіптің алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте күннің жылынуына байланысты су сорғыш техникалар да іске кірісті. 100 шақырымға жуық арық жүйесі тазартылды. Суды қауіпсіз жаққа ағызуға арналған сорғы құралдары мен қапшық қоры дайын.

Айта кету керек, биыл аталған аймаққа ақ ұлпа өте мол көлемде түсті. «Ал күн күрт жылынған жағдайда тасқын қаупі туындауы мүмкін», – дейді мамандар. Сондықтан су басу қаупі бар ескі әуежай, ет комбинаты,  көкжиек, сарыарқа секілді аудандарда қар шығару жұмыстары тәулік бойы толассыз жүріп жатыр. Бұл жұмыстарға коммуналдық кәсіпорынның 300 дана техникасы жұмылдырылған. Саяжайларда тұратын 13 мыңдай тұрғынға тасқын қаупі жөнінде ескертілді.

Мұрат Мұқаев, қала әкімі:

- Барша пәтер иелері кооперативтері, бизнес субъектілері, сол сияқты мекеме-ұжымдар осы қар шығарумен айналысып жатыр. Қазіргі таңда жастар ұйымдары, мемлекеттік қызметшілер, әскерилеріміз бұл жұмысқа атсалысуда. Ары қарай да біз бұл жұмыстарды атқаратын боламыз. Қазір су сорғыш техникалары бастап кетті жұмыстарын.

Серік Мұқанжаров, қала тұрғыны:

- 1987 жылдан бері мұндай қар түспеп еді, қардың көп болғаны жақсы, «жаңбырменен жер көргерер, батаменен ел көгерер» дегендей ылғалдың болғаны жақсы енді. Дегенмен жеке сектордың тұрғындары, өздеріңіздің аулаларыңыздағы қарды шығарып, қол ұшын бергендеріңіз жөн. 

Хабар 24 телеарнасы