378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көп балалы аналар үшін ашық есік күні өткізіледі

  • 119
  • UPD: 16:03, 11.03.2019
Елордада көп балалы аналар үшін ашық есік күні өткізіледі astana.gov.kz

Акция аясында әйелдер дәрігерлердің кеңесін ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

12 наурызда сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көп балалы аналар терапевт, невропотолог, уролог, гинеколог, хирург, стоматолог, кардиолог сияқты дәрігерлердің кеңесін алып, ЭКГ, УДЗ сияқты тексерістерден өте алады.

Сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін оларды окулист және отоларинголог қабылдайды.

Ашық күн Мамбетов, 28 мекенжайы бойынша орналасқан Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь базасында, көшесінде өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 25-19-40, 87084251940 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы