378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркі кеңесіне мүше елдер кедендiк бақылау саласында ортақ мәмілеге келді

  • 100
  • UPD: 17:28, 11.03.2019
Түркі кеңесіне мүше елдер кедендiк бақылау саласында ортақ мәмілеге келді

Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Қытай-Түркия-Еуропа транзиттік дәлізінің маңызды бөлігі.

Ол өзара сауданы өрістетуге жаңа мүмкіндіктер туғызып отыр. Бұл туралы Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері кеден қызметтерi басшыларының кездесуінде айтылды. Шара барысында кедендiк бақылау саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат кедендік бақылауды ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, тауар тасымалдауға қатысты ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге септігін тигізбек. Айта кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайдан Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, одан әрі Түркия арқылы Еуропаға жол ашады.

Гизмат Гозалов, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары:

– Транскаспий көлік бағыты өте ыңғайлы. Көлік дәлізі бірнеше мемлекетті басып өтеді. Біздің мақсатымыз – осы көлік дәлізін неғұрлым тиімді пайданалу. Оған қоса Баку-Тбилиси - Карс желісі де бар. Жаңа желі де Еуропаға тауар тасымалдауды жеңілдетеді. Жалпы кедендік рәсімдерді оңайлату, логистиканы дамыту, біздің елдеріміз арасындағы жүк айналымын арттыру сияқты ұсыныстарымыз бар. Алдағы уақытта біздің арамызға Түрікменстан мен Өзбекстанның қосылуын қалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы