375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайық өзенінен 1,3 тонна балық өлексесі шығарылды

  • 118
Жайық өзенінен 1,3 тонна балық өлексесі шығарылды

Атырауда Жайық өзені балық өлекселерінен тазартылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен демалыс күндері еріктілер мен қоғам белсенділері 1,3 тонна өлі балық жинады. Облыстық балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған шара барысында төрт топқа бөлінген 300-дей адам өзеннің қалаға жақын аумағын тазалап шықты. Мекемелер де техника және құрал-жабдықтарымен көмектесті. Айта кетейік, желтоқсан айында Жайық өзенінде балық атаулы мыңдап қырылған еді. Бұған дейін де 108 тонна балықтың өлексесі жиналып, жойылған. Осы оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бірақ нақты себебі әлі белгісіз.

Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Жастар, қоғам белсенділері тұрғындарды жұмылдыра отырып, Жайық жағасын өлген балықтардан тазарту жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы