389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ААК қазақстандық әуе компанияларға қауіпсіздік нұсқаулығын жіберді

  • 480
ААК қазақстандық әуе компанияларға қауіпсіздік нұсқаулығын жіберді

Эфиопиядағы ұшақ апатынан кейін Қазақстанның азаматтық авиация комитеті еліміздегі әуе компанияларын ұшақтарының техникалық жағдайын қатаң бақылауда ұстауға шақырды.

Біздің елде осындай Boeing 737 MAX 8 әуе кемесінің бір данасы бар. Ол Scat компаниясының меншігінде. Ақпан айында ұшақтың борт компьютерінен ақау шыққан болатын. Алайда ұшқыштың біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында апаттың алды алынды.

Дәулетбай Серікбаев, ААК мемлекеттік авиациялық аға инспектор:

– Қазір апаттың себептерін анықтаумен айналысып жатқан комиссияның қорытындысын күтіп отырмыз. Осындай ұшақтарды пайдаланып отырған өзіміздің әуе компанияларына тиісті нұсқаулық жібердік. Енді он күн ішінде олар атқарған істері туралы есеп береді. Сонымен қатар инспекциялық және сертификаттау туралы тексерулер жүргізіп, апаттың алдын алу шараларын қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы