378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасында «Өз үйім» телехикаясының екінші маусымы басталады

  • 188
  • UPD: 20:35, 11.03.2019

Таяуда «Хабар» арнасында «Өз үйім» телехикаясының жалғасы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымал әншілер мен белгілі өнер адамдарының қатысуымен түсірілген сериал қызықты оқиғаларға толы.

«Өз үйім» телехикаясының бірінші маусымы «Хабар» арнасында өткен жылы көрсетілген болатын. Екінші маусымда Танымаловтар мен Жұлдызбаевтар отбасылары арасындағы тартыс пен бәсеке қыза түседі. Режиссері – бұған дейін комедиялық жанрда бірнеше сериал түсірген Төребек Бейсебаев.

Төребек Бейсебаев, режиссер:

– Сценарий өзгерді. Үлкен балаларының біреуін шетелге жібердік. Біреуінің еншісін бердік. Бұлардың қастарына көршілері көшіп келеді. Ол профессор болады.

Телехикаядағы басты кейіпкерлердің бірін танымал әншілер Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ойнайды. Ән өнерінің майталмандары сериалға алғаш рет түсіп отыр. Әрине, сахнада ән айту бір басқа, ал әр кейіпкердің мінез-құлқын нанымды етіп ойнау ол актерлік шеберлікті қажет етеді. «Сондықтан киноға түсу оңай емес екен», – дейді әскер шеніндегі Жұман Жұлдызбаевтың рөліндегі Қанат Құдайбергенов.

Қанат Құдайбергенов, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Көп қызықтар болып жатыр. Қиындығы да бар, қызық-шыжығы да бар. Жақсы, маған ұнады. Бала кезімдегі арманымның бірі болған.

Баян Нұрмышева, әнші:

– Жалпы біздің Танымаловтар отбасындағы біздің әкемізді ойнайтын Нұржан ағамыз профессор болады. Біздің барлығымызды білімге үйретеді.

Тартысты оқиғалар мен комедиялық жанрға негізделген туындыға  Жазира мен Жанболат, Ерлан Орынбасар, Аша Матай мен өзге де өнер адамдары тартылған. «Өз үйім» телехикаясы «Хабар» арнасының эфирінен 14 наурыздан бастап көрсетіледі.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы