378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бақытты отбасы». Ақтөбе облысында мыңға жуық пәтер 2% үстемемен беріледі

  • 119
«Бақытты отбасы». Ақтөбе облысында мыңға жуық пәтер 2% үстемемен беріледі

Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар үшін баспана алу жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбе облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасымен мыңға жуық пәтер 2 процент үстемемен беріледі. Ал 10 процент көлемінде алғашқы жарна жергілікті бюджеттің есебінен. Бұл мақсатқа 200 млн теңге бөлінді. Одан бөлек, төрт жүзге жуық отбасы сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы баспанаға кіреді. Бұл пәтерлердің жартысынан көбі «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілмек. Жалдамалы үйлер облыс орталығында ғана емес, аудандарда да салынады. Жалпы облыста биыл 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қолжетімді баспанамен қатар коммерциялық үйлердің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Көбі «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында салынады. Мұнда соңғы 7 жылда 54 үй бой көтеріп, 50 мың адам қоныстанған. 

Нұрлан Иманалин, облыстық құрылыс басқармасының жетекшісі:

– Біздің Ақтөбе облысына 2,7 млрд теңге лимит бойынша бөлінді. Енді сол 2,7 млрд теңгені көп балалы, аз қамтылған аналар, жетім өскен балаларға арналған бағдарлама бойынша үйлер салынады. Осы қаражат бөлінген бойда қалада конкурс жүріп, құрылысшыларды анықтап, құрылысты жақында бастаймыз деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы