389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да тасқынға қарсы шаралар күшейтілуде

  • 538
ШҚО-да тасқынға қарсы шаралар күшейтілуде

Шығыс Қазақстанда алдағы екі-үш күн ішінде күн райы күрт жылынуы мүмкін.

Бұл өңірдегі су тасқыны қаупін арттырады. Әсіресе, Бұқтырма, Қалжыр, Үбі сынды су көздерінен қатер мол. Мұз кептелісі болуы әбден ықтимал. Осыған орай қазір өлкеде мұз көбесін сөгу шаралары қарқын алған. Әзірге төтенше жағдайлар қызметі Шемонайха ауданы Жоғарғы Үбі өзеніндегі мұзды жару жұмыстарын жүргізіп жатыр.Өйткені дәл осы өзен өткен жылы арнасынан асып, 40 үйге су кірген болатын. Биыл ауданда тасқынның алдын алу шараларына 11 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Евгений Пищальников, Шемонайха ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар бойынша бас инспекторы:

– Өткен жылы дамбаның көпірге жақын тұсын су шайып кеткен болатын. Сол жерді қайта көтердік. Жалпы осы бөгетті бекіту жөнінде жоба жасалды. Енді соны іске асыру үшін қаражат бөліну керек. Өзен арнасын кеңейтіп, ағысын ашу мәселесін қолға алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы