378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да қалың қардың салдарынан 27 көп қабатты үйдің шатыры қираған

  • 124
БҚО-да қалың қардың салдарынан 27 көп қабатты үйдің шатыры қираған

Батыс Қазақстан облысында қалың қардың салдарынан бас-аяғы 27 көп қабатты үйдің шатыры бүлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі – облыс орталығында 60-70 жылдары салынған көне ғимараттар. Дені ешқашан жөндеу көрмеген. «Қаладағы тұрғын үйлердің 80 проценті осындай күйде», – дейді мамандар. Мысалы Ықсанов көшесіндегі үйдің шатыры бірнеше жерден қираған. Төбесінде қамсау болмаған соң, сорғалаған су төменгі қабаттағы пәтер тұрғындарын әбігерге салып жатыр. 

Радмир Жасенов, қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі:

– Тұрғындарға «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында шатырдың жөндеу жұмыстары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Кейбір көпшілік тұрғындар өздері қаражаттар есебінен қосымша қаражат жинау арқылы мына пәтерлерге су басудың алдын алу мақсатында өз күштерімен шатырды жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Хабар 24 телеарнасы