378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысының әкімі көп балалы отбасылармен кездесті

  • 147
Қарағанды облысының әкімі көп балалы отбасылармен кездесті

Елбасының тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасыларға 1 сәуірден бастап көбейтілген жәрдемақы төленеді.

Осы жаңашылдықты түсіндіру үшін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Бұқар жырау ауданының Чкалов, Садовое ауылдарына арнайы барып, аналармен кездесті. Мәселен, алғашқы кірген Байт Әпеяның отбасы бұған дейін бар болғаны 10 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алып келсе, сәуірден бастап ай сайын 95 мың теңге жәрдемақы төленеді. Аналар бұл қамқорлыққа дән риза. Бірақ әкім әлеуметтік көмектің тек көп балалы отбасыларға берілетінін ескертті.» Өзгелері еңбек ету қажет», – деп түйді. Қазір аймақта жәрдемақының қалай есептелетінін және кәсіп ашуға берілетін қолдауды қалай алуға болатынын түсіндіретін жылжымалы жұмыс тобы құрылған. Бүгінге дейін олар аудандағы 29 елді мекенде болды.

Хабар 24 телеарнасы