378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасындағы «ZERDE» бағдарламасының жеңімпазы анықталды

  • 171
  • UPD: 23:00, 11.03.2019

«Хабар» арнасында «ZERDE» зияткерлік бағдарламасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы қаласының тұрғыны Марат Қылышбаев білімі, зеректігімен дараланып, жобаның жеңімпазы атанды. 

«ZERDE» телебағдарламасы – британиялық жобаның біздегі нұсқасы. Жаңа Зеландия, Үндістан және Ресей мемлекеттерінің де көрермендеріне кеңінен таныс бұл бағдарлама - BBC-Mastermind компаниясының әлемге әйгілі озық жобаларының бірі. Өткен жылдың күзінен бастап «Хабар» арнасынан эфирге шыққан бағдарламаға 64 адам қатысып, білімін сынап көрді. Онда екі минуттың ішінде неғұрлым көбірек сауалға жауап бергендері іріктеліп отырған. Алматылық инженер Марат Қылышбаев сол үздіктердің арасынан суырылып шықты.

Марат Қылышбаев, «Zerde» бағдарламасының жеңімпазы:

– Кейбір сұрақтар логиканы қажет етті. Бірақ сұрақтың көбісі эрудицияға байланысты болды және де менің бағым жанып, мен білетін сұрақтар кездесіп, сөйтіп ойын жеңімпазы болып атандым.

Хабар 24 телеарнасы