378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық тәртіп сақшылары көп балалы отбасыға көмек көрсетті

  • 146
Павлодарлық тәртіп сақшылары көп балалы отбасыға көмек көрсетті

Ертіс өңірінің тәртіп сақшылары көпбалалы отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мереке күндері қаптап көкөніс, ет және өзге де тәтті тағамдар апарып берген. Балалардың ойыншығы мен киім-кешектерін де ұмытпаған. Айнагүл Қосмағамбетова алты баланы жалғыз өзі асырап отыр. Отбасының ауыр жағдайын көрген аудандық полиция бөлімі ойланбастан қамқорлыққа алған. Бұл отбасы Павлодар ауданының Красноармейка ауылына өткен жылы Маңғыстау облысынан көшіп барған. Көші-қон үшін берілген 800 мың теңге субсидияға шағын үй сатып алыпты. Жаңа жерге келіп түтін түтетіп жатқан отбасыға жергілікті билік көмір түсіріп берсе, ауыл адамдары азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Ал Айнагүл Қосмағамбетованың өзі жуырда облыс әкімінің қолынан «Күміс алқа» алды.

Марат Рахимов, аудандық полиция бөлімінің бастығы:

– Алдағы уақытта мүмкіндігімізге қарай теледидар әкеліп берсек дейміз. Үйдегі пеш те ескірген екен. Сондықтан бірінші кезекте анықталған олқылықты жоюға тырысамыз. Бұл отбасы енді біздің бақылауымызда болады. Барлық жағынан қолдау көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы