378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет отырысында экономика министрі даму көрсеткіштері туралы баяндайды

  • 126
  • UPD: 10:20, 12.03.2019

Бірер сәттен соң Елордада Үкімет отырысы басталады. Жиында әдеттегідей бірнеше мәселе қаралмақ. Атап айтқанда 2019 жылдың алғашқы екі айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылуы. Бұдан бөлек күн тәртібінде тағы қандай сұрақтар бар? 

Сәлден соң Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы даму көрсеткіштерін жіпке тізеді. Ал оған дейін өткен айдағы сандарға көз жүгіртсек. Қаңтардағы жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,9 процент. Ал инфляция деңгейі былтырмен салыстырғанда жақсарып, 5,2 процентке жеткен. Бұл экс-министр Тимур Сүлейменовтің бір ай бұрынғы баяндамасындағы мәліметтер. Ал 30 күнде бұл көрсеткіштер қаншалықты өзгергенін көп ұзамай білетін боламыз. Бұдан бөлек жиында туристік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қаралады. Жоба 2025 жылға дейін, алты жылға арналған. Осы уақыт аралығында еліміздегі негізгі туристік нысандарға 13 миллионнан астам шетелдік саяxатшы келуі тиіс. Жаңа мемлекеттік бағдарлама осы міндетті орындау үшін әзірленген. Айта кетейік, оған 10 топ-жоба енді. Олардың арасында Алакөл көлі, Балқаш, Бурабай, Баянауылдағы демалыс аймақтары және Алматыдағы тау шаңғысы курорты бар. Міне осы нысандар үнемі мемлекеттің назарында болмақ. Алайда бұл еліміздің басқа өңірлеріне көңіл бөлінбейді деген сөз емес. Құжатты әзірлеушілер осылай деп сендіреді.

Хабар 24 телеарнасы