Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлеуметтік қолдауды күшейту үшін бюджет 444 млрд теңгеге толықтырылады

  • 91
  • UPD: 14:00, 12.03.2019

Елімізде көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауды күшейту үшін мемлекеттік бюджет 444 миллиард теңгеге толықтырылады. Оның 100 миллиарды азаматтарды баспанамен қамтуға жұмсалуы тиіс.

Қомақты қаражаттың жартысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» аясында жеңілдетілген ипотекалық несие беруге бөлінеді. Қалғаны жалдамалы баспаналар салуға бағытталады. Жауапты сала өкілдерінің айтуынша, биыл 6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Яғни осынша отбасы қоныс тойын тойлайды. Айта кетейік, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақын арада 2-3 пайызбен ипотекалық несие беру жобасын таныстыруы тиіс.     

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі:

- Жалдамалы баспаналар жергілікті атқарушы органдар арқылы беріледі. Көп балалы немесе аз қамтылған отбасылар әкімдіктердің арнайы кезегінде тұр. Біздің есебіміз бойынша олардың саны 28 мыңнан асады. 

Хабар 24 телеарнасы