389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристерге жаңа салық түрі енгізіледі

  • 812
  • UPD: 14:01, 12.03.2019

Елімізге іскерлік мақсатта келетін туристерге қосымша салық салынатын болады. Күніне шамамен 2 мен 4 доллар аралығында төлеу міндеттеледі. Бұл туралы туризмді дамыту мәселелері талқыланған баспасөз брифингінде Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді.

Жаңа жобаның мақсаты бюджет қаржысының орнына нарықтық жүйе арқылы туризмді дамыту. Жиында бұл әлемдік тәжірибені пайдалану туристік аймақтардың әлеуетін арттыратыны аталып өтті. Ескеретін бір жайт, егер демалыс орындарына туристер отбасымен келген болса, оларға салық салынбайды. Жаңа өзгерістер тек жоғары деңгейде өткізілетін үлкен шараларға келушілерге қатысты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-  «Bed Tax» салығын біз Алматы мен Астанаға келетін іскер туристер үшін енгіземіз. Қонақ үйдегі бір номер шартты түрде 350-500 доллар шамасында десек, 2 доллар сол бағаға кіреді. Сондықтан жаңа салық туристерге қатты сезілмейтін болады. Бұл жүйе бізге қажет. АҚШ, Түркия, Еуропа елдері де туризм саласында осындай норманы енгізуде. Жаңа салықтан түскен қаржы туризмді дамытуға жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы