375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысы аумағында Сырдарияның деңгейі айтарлықтай төмендеді

  • 122
  • UPD: 15:11, 12.03.2019

Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінің деңгейі айтарлықтай төмендеп кетті. Себебі жоғарыдағы «Шардара» су қоймасынан небәрі секундына 450 текше метр су түсуде. Оның 350 текше метрі Көксарай су реттегішіне алынып жатыр.

Осылайша Қызылорда облысының аумағына келген су көлемі секунтына 100-120 текше метрден асар емес. Өңірдің оңтүстік аудандары мен Қызылорда қаласы аумағында өзен мұзы толығымен еріген. Наурыз айының соңына дейін өзен бойы түгелдей сеңнен тазарады дейді мамандар. Бүгінде дария деңгейінің төмен болуына және күннің жылына түсуіне байланысты өзен мұзы баяу жылжып, тез ери бастаған.

Раушан Бисетаева, инженер-гидролог:

- Қызылорда қаласы бойынша, яғни Тасбөгет бойынша судың деңгейі бүгінгі таңда 316 сантиметрді құрап отыр. Негізі қауіпті деңгей бұл 725-730 болып табылады. Яғни бұл қауіпті емес.

Хабар 24 телеарнасы