375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Поляк әйелі зобалаң жылдары қол ұшын созған қазақтың отбасын іздестіріп жүр

  • 152
  • UPD: 16:48, 12.03.2019

Депортация кезінде Ақмола облысына жер аударған поляк әйелі қиын қыстау кезінде қол ұшын созған қазақстандық отбасыны іздеп жүр. Бұл жаңалық елімізге тарап, жерлестеріміздің көмегімен ақырында сол адамдардың туыстары табылды.

1940 жылдың сәуір айында Изабелла Кшеньжапольсканың отбасы Бресттен Ақмола облысына жер аударылған болатын. Бір ай бойы жолда жүрген. Сол кезде жасы он бірде еді. Сол қиын қыстауда жергілікті тұрғын - Устинья Миренчуктің арқасында аман қалыпты. Мейірімді әйел Изабелланың отбасын өз үйінде асыраған. Алты жыл өткеннен кейін поляктар тарихи отанына оралған. Бірақ Макинкадағы Устиньяның жақсылығын өмір бойы ұмытпапты. Хат жазысып тұратын, ал 70-жылдары Изабелланың анасы Устиньяға қонаққа барған болатын. Алайда кейін байланысы үзіліп кетті. Ұзақ жылдар бойы  Изабелла апай, ал кейін қызы Урсула оны табуға тырысқан. Ақырында ізіне түсті.

Урсула Котарба, Изабелла Кшеньжопольсканың қызы:

- Әжем мен анам Қазақстанды үнемі еске алып жүретін. Бізден өте алыс ел. Бірақ бар жерде көмекке келетін жақсы кісілер бар. Устинья әжеме қол ұшын созбаса, кім біледі, Польшаға аман қайтар ма еді. Балаларым мен немерелеріме осыны айтып, бізге көмек берген адамдарды көрсеткім келді. Олардың арқасында өмір сүріп жатырмыз.

Қазақстандық Устинья осы дүниеден озғаны белгілі болды. Алайда Урсула Омбыда тұрып жатқан немересі Татьянаны тапты. Қазір олар телефонмен жиі хабарласып тұрады, тіпті бір-біріне қонаққа баруды көздеп отыр. Альцгеймер дертіне шалдыққан 90 жастағы Изабелла ауруының кесірінен бәрін ұмытқан. Бір нәрсе – Қазақстанда тұрған мекенжайы есінде қалыпты.

Изабелла Кшеньжопольска, Варшава қаласының тұрғыны:

- Ақмола облысы Енбекшілер ауданы. Біз жеркепелерде тұратынбыз. Сол кезде бала едім. Тамақ бергенде, қатты қуанатынбыз. 

Изабелланың қызы Урсула Қазақстанға өте құмар, бар жаңалықтарымызды біледі және Димаштың өнеріне сүйсінеді. Еуропада концерт берсе, бәрін тастап, әндерін тыңдауға барамын дейді.

Урсула Котарба, Изабелла Кшеньжопольсканың қызы:

- Осындай сезіммен өлең айтатын адамды көрген емеспін. Тілді білмей-ақ, не туралы айтып жатқанын аңғаруға болады. Маған ең ұнайтыны қазақша әндер. Иә, түк те түсінбесем де Димашқа қарап, Қазақстанды мақтан тұтатынын көріп тұрмын.

Мыңдаған поляктің тағдыры Қазақстанмен байланысты. Депортация кезінде бастан кешкені туралы талай кітап жазылған. Бірінде Изабеланың да естеліктері бар. Мұның бәрі жас ұрпақ осыны білсін деп істеліп жүр. Немерелері мен шөберелері Қазақстан ата-бабаларының екінші отанына айналғанын ұмытпауы керек. 

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы