378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында биыл қар 62 процентке көп жауған

  • 105
  • UPD: 23:48, 12.03.2019
Ақмола облысында биыл қар 62 процентке көп жауған

Ақмола облысында биыл қар қалың, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Облыс орталығында байқалмағанымен, аудан, ауылдарда ақ ұлпа өте көп», – дейді мамандар. Мәселен, Сандықтау ауданында биыл қардың қалыңдығы өткен жылмен салыстырғанда 62 процентке көп екендігін айтады мамандар. Ал атышулы Жабай өзені осы аудан арқылы өтіп жатыр. Оның үстіне жақында тағы біраз қар түсті. Тіпті бір аптаның ішінде жарты айлық мөлшердегі қар жауған көрінеді. Ал мұның барлығы ерісе, өзенге құйылуы мүмкін. Сондықтан су айдындары да қазір жіті бақылауда. Күні кеше өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары да басталды.

Бақыт Мақажанова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының жетекшісі:

- «Біз қазіргі таңда 5 жерде қар өлшеу жұмыстарын жүргіздік. Зеренді, Атбасар және осы Сандықтау аудандары қамтылды. Яғни Жабай өзенінің сағасындағы қар деңгейін қосымша бақылап жүрміз. Бұл – Үкіметтің арнайы тапсырмасы.

Ербол Сағындықов, облыстық ТЖД бөлім жетекшісі:

- Ақмола облысы бойынша су тасқынының алдын алу үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүкіл техника және адамдар су тасқынына дайын. Көктем 2019 жаттығулары өткізілді. Оның ішінде адамдардың және техникалық дайындықты тексеріп өттік.

Хабар 24 телеарнасы