378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында 207 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады

  • 127
  • UPD: 23:47, 12.03.2019
Түркістан облысында 207 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады Sputniknews.kz

«Түркістан облысының биылғы бюджеті 561 млрд теңге болса, соның 310 млрд-ы, яғни 55 проценті әлеуметтік салаға тиесілі».

Бұл туралы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс активімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». Облыс әкімі: «биыл облыста 207 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады», – деді. Бұл мақсатқа шамамен 13 млрд теңге қарастырылған. Оның 7 млрд 600 мың теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді.

Естеріңзге салайық, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы биыл республикалық бюджет шығынының 45 проценті әлеуметтік салаға жұмсалатынын айтқан еді. Бұл Түркістан жұртшылығы үшін жағымды жаңалық болды. Өйткені облыста 86 мыңнан аса көп балалы отбасы бар.

Нұргүл Аханова, көп балалы ана:

- Біздің халқымыз үшін, әсіресе көп балалы аналар үшін үлкен серпіліс, қуанышты жағдай болды. Бәріміз қуандық. Осындай бастамалардың арқасында көп балалы аналардың саны көбейеді. Халқымыздың әл-ауқаты бұдан да арта түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы