378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атаулы әлеуметтік көмек алу талаптары жеңілдеді

  • 119
  • UPD: 23:46, 12.03.2019
Атаулы әлеуметтік көмек алу талаптары жеңілдеді

Енді жәрдемақы белгілеу үшін бұрынғыдай 6 көрсеткішке қарамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отбасының жиынтық табысын есептеу үшін жалақы мен жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін пайда ғана қаперге алынады. Ал көп балалы отбасылар, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектігі бойынша балаларға берілетін төлемдер және стипендия жиынтық табыстан алынып тасталады. Осылайша елімізде жәрдемақы алатын азаматтардың саны 260 мыңға көбеймек. Сонымен бірге алдағы айдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді. Дәлірек айтқанда, Е-халық ақпараттық жүйесі арқылы бұл төлемдерді алу үшін бір ғана жеке куәлік жеткілікті болмақ. Қалған құжаттарды мемлекеттік органдардың өздері жинайды.

Хабар 24 телеарнасы