378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 100-ге жуық бала қызылша ауруын жұқтырған

  • 88
  • UPD: 23:46, 12.03.2019
Жамбыл облысында 100-ге жуық бала қызылша ауруын жұқтырған

Жамбыл облысында қызылша ауруы белең алып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде соңғы бір айдың ішінде дертті жұқтырғандардың саны үш есеге көбейіп кеткен. Мәселен, өткен айда облыс бойынша осы ауруға 40 адам шалдықса, қазір 129-ға жетті. Олардың 100-ге жуығы бала. Бір жасқа толмаған нәрестелердің өзі 50 шақты. Қазір эпидемияға қарсы шаралар қарқын алып, тәулік сайын мониторинг жасалып жатыр. Мамандардардың айтуынша, ауырғандардың дені екпе алудан бас тартқандар мен вакцина алу жасына жетпеген балалар. Бүгінге дейін екпе алғаны туралы ешбір мәлімет жоқ 691 адамға екпе жасалды. Жыл басында 1 жасқа дейінгі және 6 жастағы тағы 3 мыңға тарта балаға қызылшаға қарсы екпе салынған. 

Күмісбек Рахимов, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары

- Қызылшадан қорғанудан жалғыз тиімді жолы вакцина болып табылады. Қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті көлемде. Қоймада қазіргі таңда 7900 доза вакцина бар. Енді тұрғындарға айтатынымыз, вакцинадан және басқа да ауруларға вакцина алудан бас тартуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы