378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында әлеуметтік нысандар салып, жолдарды жөндеуге 1,5 млрд теңге жұмсалады

  • 88
  • UPD: 23:45, 12.03.2019
Қостанай облысында әлеуметтік нысандар салып, жолдарды жөндеуге 1,5 млрд теңге жұмсалады

Елбасы ұсынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауылдағы түйткілдерді шешуді көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Қостанай облысында бұл бағдарлама 273 мың тұрғыны бар 151 елді мекенді қамтымақ. Жергілікті билік сол арқылы өңірдегі газ тарту, су жеткізу жұмыстарын ширатпақ. Әлеуметтік нысандар салып, жолдарды жөндеуге 1,5 млрд теңге жұмсалады. Қазірдің өзінде облыста тұрмысы тіктелген, дамуы өзгелерден көш ілгері елді мекендер көп. Солардың бірі – Заречный ауылы. Соңғы екі жылда елді мекендегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жер үйлердің саны жүзден асқан.

Қалыбек Жұмашев, Заречный селолық округінің әкімі:

- 2018 жылы 61 үй тапсырдық, осындай бірқабатты және екіқабатты үйлер. 2019 жылы тағы да жүздің сыртында тапсырамыз деген жоспарда тұр. Бүкіл коммуникация өткізілген, үйлерде газ, жарық, су – бәрі тартылған.

Хабар 24 телеарнасы