375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында дәрігерлер жетіспейді

  • 104
  • UPD: 23:49, 12.03.2019

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Атырау облысының бірқатар ауданын аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақат ауданында жұртшылық бүгінгі медициналық ахуал мен кейбір түйткілді мәселелерге тоқталды. 30 мыңға жуық тұрғыны бар ауданда білікті дәрігерлер жетіспейді. Атап айтқанда, жалпы тәжірибелік дәрігер, нарколог, психиатр, лорға сұраныс бар. Былтыр Мақат ауданына 5 жас маман: оның үшеуі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Биыл тағы 5 дәрігер келмек. Жалпы бұл ауданның материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңарып келеді. Былтыр жаңа реаномобиль, рентген аппараты және УЗД қондырғысы алынған. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 1 ші қаңтардан бастап жаңа технологияға көшкен дәрігерлерге 20 пайыз айлық жалақысын көтеруге ақша бөліп жатырмыз. Соны бақылауға алу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Келіп тексеріп жатырмыз. Жаңа технология болған соң уақыт керек. Көбісі интернет арқылы енгізу қажет. Соны түсініп, өзіміздің дәрігерлерге уақыт беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы