378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республика бойынша 118 мыңнан астам тұрғын үй салынбақ

  • 167
  • UPD: 23:49, 12.03.2019

Елімізде «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға үлестік құрылыс кезеңінде несие беру ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі тұрғын үйлердің басым бөлігі осы аралықта сатылып кетеді. Сенатта өткен отырыс барысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов осылай деді. Рас, бүгінде бағдарламаны қарқынды жүзеге асыруға тұрғын үйлердің жетіспеушілігі кедергі болып тұр. Жалпы, бағдарлама іске қосылғалы 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Екінші деңгейлі банктер 70 млрд теңгеге пара-пар 6 мыңға жуық өтінішті мақұлдады.

Бақытжан Қашақов, ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары:

- Биыл республика бойынша 118 мыңнан астам тұрғын үй салу жоспарланған. Яғни көпқабатты үйлерде 82 мың пәтер және 37 мың жеке тұрғын үй. Мемлекеттік инвестициялар есебінен шамамен 20 мың үй бой көтереді. Осылайша құрылыс саласы жанданып, бағдарламаның іске асуы қарқынды жүргізіледі деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы