389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық полицейлер интернет арқылы синтетикалық есірткі сатқандарды ұстады

  • 568
  • UPD: 23:48, 12.03.2019
Астаналық полицейлер интернет арқылы синтетикалық есірткі сатқандарды ұстады

Астана қаласының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарының көмегімен елордада интернет арқылы синтетикалық есірткі заттарын сатумен айналысқан тұлғаларды ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында, сондай-ақ Астана қаласы есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу ведомствоаралық штабының «Интернет желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын таратуға ден қою» нұсқауына сәйкес, Астана қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен аудандық әкімдіктердің жанында ЖПК басшылығы мен коммуналдық қызметтердің қатысуымен «ІІО қарым-қатынас, заңсыз есірткі айналымына қатысы бар тұлғаларға қатысты жедел ақпарат алысу, есірткіге қатысы бар сайттарды жазатын граффити суреттерді жою» сұрақтары бойынша отырыс жүргізілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен Астана тұрғындарының белсенділік танытуының арқасында 1998 жылы туған «А» есімді азамат пен 1997 жылы туған «Б» есімді Жамбыл облысының тумасы интернет арқылы синтетикалық есірткі заттарды сатумен және азаматтарды оны пайдалануға тартатын тұлғалар ұсталды.

Ұсталған тұлғаларға қатысты әкімшілілік жауапкершілікке тартылды. 

2019 жылдың екі айы аралығында полиция қызметкерлері осыған ұқсас 100 сайтты анықтап, жапты.

Хабар 24 телеарнасы