378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да қияр мен қызанақ бағасы 15% қымбаттады

  • 115
  • UPD: 07:32, 13.03.2019
СҚО-да қияр мен қызанақ бағасы 15% қымбаттады

Солтүстік Қазақстанда қияр мен қызанақтың бағасы 15% қымбаттады.

Қазір облыс орталығындағы сауда орындарында қиярдың бір келісі 850 мен 1000 теңге аралығында, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал қызанақ 900 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл өнімдер өңірге негізінен Өзбекстан мен Қытайдан импортталады. Өйткені солтүстікте жыл он екі ай жұмыс істейтін арнайы жылыжай жоқ. Ал жергілікті кәсіпкер оны тек жаз айларында ғана өсіреді. Ал жауапты мамандар баға алдағы уақытта ретеледі деп отыр. 

Татьяна Владимирова, қала тұрғыны:

– Бұрынғыдай келілеп ала алмаймыз. Біз секілді зейнеткерлерге бағасы тым қымбат. Қалтаны қағады. Міне екі қияр мен екі қызанақ алдым. Осыны енді бір аптаға жеткіземін.

Мұрат Нұрқанов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:

– Бағасын біз қадағалай алмаймыз. Себебі бұл көкөністің екі түрі Үкіметтің қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне жатпайды. Босату бағасы арзан болса, бізге дейін әкелгенше жол шығындары қосылады.

Хабар 24 телеарнасы