378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістандық шаруалар: Көкөніс бағасының шарықтап кетуіне алыпсатарлар кінәлі

  • 128
Түркістандық шаруалар: Көкөніс бағасының шарықтап кетуіне алыпсатарлар кінәлі

Түркістандық диқандар қыс бойы жылыжайда баптап, өсірген өнімін делдалдарға көтерме бағамен арзан саудалауға мәжбүр.

«Бізден төмен бағамен алып, Астана мен солтүстік өңірлерге апарып, қымбатқа өткізеді. Сосын базардағы баға да шарықтап шыға келеді. Сондықтан алыпсатардың жолын кесіп, тікелей базар басшыларымен жұмыс істесек, баға бұлай құбылмас еді», – дейді шаруалар. Жалпы Түркістан облысындағы жылыжай аумағы 1300 гектардан асады. Бұл – республикадағы жылыжайлардың 77 пайызына тең.

Мәмләхат Оспанова, жылыжай иесі:

– Біз қызанақты әрі кетсе 400-500-ден бере аламыз. Одан артық ешкім алмайды. Біз бұдан аз ғана пайда көреміз. Ал ортадағы алыпсатарлар екі есе көп пайда көреді. Егер базардың басшылары бізбен тікелей жұмыс істесе, бағалар да төмендейтін еді. Халықтың да қалтасына үнем болып, әр адамның қолы жетімді болар еді.

Хабар 24 телеарнасы