378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда халықаралық ғылыми экспедиция кезінде 5 жерасты мешіті табылды

  • 150
  • UPD: 08:34, 13.03.2019
Ақтауда халықаралық ғылыми экспедиция кезінде 5 жерасты мешіті табылды

Ақтауда халықаралық ғылыми кешенді экспедиция жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарының басталуына Елбасының бағдарламалық мақалалары негіз болған. Ғалымдар шалғай өңірде орналасқан сакралды орындарды зерттеді. Бұрын-соңды айтылмаған бес жерасты мешіті мен жиырма шыңырау құдық тапты. Маңғыстау жұртына тән салт-дәстүр, аңшылық, қолөнер, зергерлік өнер, сондай-ақ өлке тарихына қатысты тың мәліметтерге қол жеткізді. Айта кетейік, экспедиция мүшелері Ресей, Өзбекстан, Түркия мен Карачаево-Черкесск республикасында ғылыми іс-сапарлар ұйымдастырған. Олардың қорытындысы 235 беттік фотошежіреге жинақталды.

Мари Фаверо-Думенжу, Оксфорд университетінің ғылыми қызметкері /Ұлыбритания/

– Бүгінгі бағдарлама аясында Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымда жүрмелі семинар өтетіні қуантып отыр. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын да аралаймыз. Ең бастысы, ертең Амал мерекесіне арналған «Ұлы Дала көші» театрландырылған шарасына қатысуымыз жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы