378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда латын қарпінде «Әліпби qaz – жануарлар» ойын жинағы таныстырылды

  • 126
  • UPD: 08:58, 13.03.2019
Алматыда латын қарпінде «Әліпби qaz – жануарлар» ойын жинағы таныстырылды

Алматыда латын қарпіне негізделген жаңа әліпбиді үйренуге арналған 32 бөлімнен тұратын «Әліпби qaz – жануарлар» ойын жинағы таныстырылды.

Қалалық тілдерді дамыту орталығы әзірлеген жоба арқылы балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары әліпбиді тез үйреніп, сөздерді құрастыруға бейімделеді. «Көмекші оқу құралы арқылы балалар әріптерді жаттап, жануарлар атауын латын қарпінде тани бастайды», – дейді жоба авторлары. Баланың зеректігі мен ой-өрісін дамытатын жобаның мобильді қосымшасы да бар. Латын графикасына кезең-кезеңімен көшу жоспарына сәйкес жарық көрген көмекші оқу құралы қаланың балабақшалары мен мектептеріне тегін таратылды.

Бақыт Қалымбет, қалалық тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы:

– Ойын түрінде, мультфильм түрінде көре отырып, балалардың есте сақтауына жақсы әсер етеді деген оймен жасалып отыр. Ойын қорапшасы мультфильмді көре отырып, алған білімдерін әрі қарай тиянақтау, бекіту үшін жасалған үлкен «Ойын алаңы» деп аталатын тақта бар.

Хабар 24 телеарнасы