378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде су тасқынына қарсы күреске 200 млн теңге бөлінді

  • 116
Ақтөбеде су тасқынына қарсы күреске 200 млн теңге бөлінді

Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең көп қоңыраулар әсіресе жеке секторлардан келіп түсуде. Қар суын соруға жүзге жуық ассенизаторлық машина жіберілді. Сондай-ақ отыз арнайы ауыр техника төтенше жағдайдың алдын алу үшін дайын тұр. Ал шағын аудандарда қыста жиналған қоқыстар мен мұздан тазартылып, қосымша су бұру арналары салынып жатыр. Тасқынға қарсы күреске қалалық қазынадан 200 миллион теңге бөлінген. Қазіргі таңда екі мың тонна инертті материалдар дайындалды. Бұдан өзге, мамандар барлық су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралап, әзірге тосыннан келген қауіп қатер жоқ деп отыр.

Бекболат Нұрашев, қала әкімі аппаратының әскери жұмылдыру жұмысы, Азаматтық қорғаныс және ТЖ бөлімінің басшысы:

– Ең қауіпті су басу аумақтары болып саналатын ол – өзен баурайында орналасқан саяжайлар. Бүгінгі күні төрт мердігерлік мекеме осы жұмыстарды, өзен арналарын кеңейту, тереңдету, бекету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көктемгі су тасқыны басталғанға дейін арнайы орындары анықталып, мердігер мекемелер сол орындардан бастап жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы