375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында су басуы ықтимал 14 ауыл бақылауға алынды

  • 106
  • UPD: 12:44, 13.03.2019
Павлодар облысында су басуы ықтимал 14 ауыл бақылауға алынды

Павлодар облысында су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыруға құтқарушылар топтары жасақталып, сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда облыс аумағында су басуы ықтимал 14 елді мекен бар. Яғни таулы аймақтарда немесе Ертіс өзенінің бойында орналасқан ауылдардың барлығы төтенше жағдайлар қызметінің қатаң бақылауында. Апат айтып келмейді. Оқыс жағдай туындаған жағдайда 500-ден астам маман мен 133 арнайы техника құралы сақадай сай. Құралдардың жағдайы пысықталып, қолдануға дайын тұр. Мамандардың сөзіне сенсек, аймақта жағдай тұрақты. Қардың күрт еруі байқалмайды. Бүгінде қар жабындысының қалыңдығы 20 см-ді құрайды, яғни нормадан аз.

Серік Шериязданов, облыстық ТЖД жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

– Жағдай күрт өзгеріп, төтенше жағдай, ахуал туындаған кезде қосымша біздің өңірге Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысынан 271 адам тартылады. Және төтенше жағдай туындаса, басқа өңірде, осы төрт өңірде бізден де құтқарушы жасақтар жіберіледі. Олардың саны – 165 адам.

Хабар 24 телеарнасы