378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей шекарашылары браконьерлермен күресті күшейтпек

  • 117
Қазақстан мен Ресей шекарашылары браконьерлермен күресті күшейтпек

Былтыр Каспий теңізінде заңсыз балық аулаған 2 мың адам ұсталып, 204 жүзу құралдары тәркіленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

1,5 мың бекіре балығы құтқарылып, қайта теңізге жіберілді. Бұл – Қазақстан мен Ресей шекарашыларының бірлескен жұмыстарының нәтижесі. Теңіз сақшылары биыл браконьерлермен күресті күшейтпек. Ақтауда екі ел шекарашылары бас қосып, алдағы жоспарларын пысықтады. Браконьерлерді ұстау операцияларын қашан, қалай жүргізеді, қандай тактика қолданатындарын айтып, ақылдасты. «Мақсат – жойылудың аз-ақ алдында тұрған бағалы балықтарды сақтап қалу», – дейді жиналғандар.

Талғат Төребаев, ҚР ҰҚК «Жағалау қызмет» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары:

– Есепке қарайтын болсақ, шекара бұзып, браконьерлікпен айналысқан балықшылар саны бізде көп. Оның себебі, заң бұзушылар Каспий теңізіндегі балықшылар – Ресейдің азаматтары.

Хабар 24 телеарнасы