389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жалған жұмыс орнын ашқан кәсіпорындар анықталды

  • 430
  • UPD: 12:56, 13.03.2019
ШҚО-да жалған жұмыс орнын ашқан кәсіпорындар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында жалған жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындар көбейіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ол мекемелер салық органдарына жұмысшылардың жалақысына қарызбыз деген сылтаумен салық та төлемеген. Ал шын мәнінде ол кәсіпорындарда жұмысшы мүлде болмаған. Банкорттқа ұшыраған кейбір пысықай кәсіпкерлер мүліктерін тәркілеуден сақтап қалудың жолын осылай тапқан. Ал заң бойынша  банкротқа ұшырған мекеме бірінші кезекте жұмысшылармен есеп айырысады. Өңірдегі қаржылық қиыншылыққа ұшыраған кәсіпорындарға тексеру жүргізген облыс прокуратурасы бірқатар зыңсыздықтың бетін ашты. Тек 2018 жылы жалған жұмыс орынын ашып, қаржы қитұрқұлығына байланысты 170 дерек тіркелген.

Ержан Рыспаев, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

– Тексеру кезінде жұмысшылардың шын мәнінде басқа кәсіпорындарда жұмыс істейтіні анықталды. Зейнетақы қоры мен түрлі салықтарға ақша нақты сол жерден аударылып отырған. Бірақ қаржы басқа жаққа кетіп қалмас үшін жалған жұмыс орындары бойынша құжат жасап, еңбекақыға қарыз ретінде анықтамалар дайындаған.

Хабар 24 телеарнасы