378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

  • 283
  • UPD: 13:26, 13.03.2019
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? veselyi-yrozhainik.ru

Қазгидромет 14-16 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысында қалыптасқан циклон жылдам жылжып, бір тәуліктің ішінде Батыс Сібірдің шығысына қарай ығысады. Сонымен қатар республиканың батыс аймағындағы ауа ағындары шығысқа қарай ойысады. Соған байланысты аталған өңірлерге жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, ауа температурасы төмендейді.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауына қарамастан, Қазақстанның оңтүстігінде күн көктемге тән жылы болып, күндіз ауа температурасы 10...20°С жылы болады болады.

Хабар 24 телеарнасы