378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз» зымыран тасығышы орнатылды

  • 117
  • UPD: 13:21, 13.03.2019
Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз» зымыран тасығышы орнатылды

Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-ФГ» зымыраны орнатылды.

Ғарыш кемесі ресейлік космонавт Алексей Овчинниковті және астронавттар Ник Хейг пен Кристина Кохты Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Басқарылатын «Союз МС-12» кемесін орбитаға алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы старт алаңынан 14 наурызда ұшырылады.

Естеріңізде болса, Овчинников пен Хейг Халықаралық ғарыш станциясына өткен жылдың қазан айында ұшуы тиіс еді. Алайда старт берілген соң бірнеше минуттан кейін зымыран тасығыш апатқа ұшыраған болатын. Экипаж мүшелері сәтті эвакуацияланып, аман-есен қалған. «Роскосмос-тың» тергеу нәтижелеріне сәйкес, апатқа зымыранды құрастыру кезінде бірінші саты бөліктеріндегі ақау себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы