378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық оқушының жобасы Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыста топ жарды

  • 136
  • UPD: 13:21, 13.03.2019
Қарағандылық оқушының жобасы Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыста топ жарды

«Зеебек эффектісін» пайдалана отырып, жер серіктері мен ғарыш аппаратын қосымша қуат көзімен қамтамасыз етуге болады.

Бұл жаңалықты Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Ерасыл Тұраров ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Оның өнертабысы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық жарыста бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24». «Зеебек эффектісі» дегеніміз ыстық пен суықты түйістіру, яғни температура градиенті арқылы тоқ алу. «Бұл ең әуелі экономикалық жағынан аса тиімді», – дейді жас ғалым. Әлемнің әр түкпірінен жиналған 700-ге жуық оқушының арасынан үздік шыққан Ерасылды енді Оңтүстік Кореядағы белді университеттердің бірі тегін оқуға шақырып отыр. 

Ерасыл Тұраров, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

– Мектеп бітірген соң оқуымды Оңтүстік Кореяда жалғастырамын деп шештім. Осы байқауда грант жеңіп алдым. Осылайша ойымда жүрген өзге де жобаларды жүзеге асырсам деймін. Келешекте ел дамуы жолында еңбек етсем деген арманым бар.

Хабар 24 телеарнасы