384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы киберспорттың ерекшеліктері

  • 525
  • UPD: 17:12, 13.03.2019
Қазақстандағы киберспорттың ерекшеліктері profi-forex.org

Киберспорт — қазіргі заманғы әйгілі тренді. 25 жыл бұрын қиял деп есептелген нәрсе, қазіргі таңда шыңдыққа айналды.

Киберспорт — бұл қызықтыратын шоу ғана емес, оған қоса бизнес, маркетингтік белсенділікке айналған кең алаң және инвесторлар үшін мүмкіндіктер.

Американдық Forbes талдаушылары киберспорт нырығындағы ең қымбат компанияларды бағалады. Әр жыл сайын олардың цифрлары өсуде. Мысалы, Cloud9 командасын $310 млн-ға,Team SoloMid $250 млн-ға және Team Liquid командасын $200 млн-ға бағалады.

Турнир жеңімпаздары долларық миллионерлерге мектепте оқығанда да айнала алады. Kuro Takhasomi табысты киберспортшысы 2018 жылға қарай шамамен $4 000 000 ие болды, ал әлемдегі ең танымал Fortnite ойнының жүлделік қоры $30 000 000-ды (киберспорт турнирінің рекордтық сомасы) құрайды.

Киберспорттың әйгілілігі өсуде – ол туралы цифрлар куә. Индустрия ішінен қалай құралған?

Біз қазақстандық әйгілі AVANGAR командасының мүшесі, Qikert лақап атты киберспортшысы Алексей Голубевпен және Acer Predator киберспорт және гейминг брендінің өкілдерімен кездестік. Киберспортта ақша табуға, қанша жаттығу қажет және ойын сүйер мақсатты аудитория қандай екені кейіпкерлеріміздің төл сөздерінде.

Киберспортшы

Алексей «Qikert» Голубев

Жасы: 20

Команда: AVANGAR

Игра: CS:GO

Соңғы турнир: IEM Major Katowice турнирінде 9-орын.

Киберспортшы болу үшін не қажет?

Ойындардан бас тартамын деген кезде, киберспортқа келдім. Маған Қазақстандық Counter-Strike-пен байланысты бір адам жазып, мен туралы талантты ойыншы ретінде біледі деп айтты. Ол маған тексерістен өтуге ұсынды, мен лезде келістім. Бәрі ойдағыдай өтті. Оның бір ойыншысының қадағалауы арқылы компьютерлік клубта екі матч ойнап, болашақ бастығым Енгун Ким алдында біртүрлі жігіт деп көрінбедім (ред. еск. – AVANGAR бас директоры). Осылайша, Avangar менің алғашқы кәсіби командам болды.

Ойында алғашқы $200 тапқан кезде, мен оларды өз ата-анама беріп, егер олар маған сүйікті іспен айналысуға рұқсат берсе, әлемдегі ең бақытты адамға айналамын деп айттым. Отбасым қолдау көрсетіп, бұл менің киберспорт мансабымда алғашы қадамым болды.

Күн тәртібі

Күн тәртібім келесі: базада оянасың, жуынасың, таңғы асыңды ішесің, компьютердің алдына отырасың да, күніне 6-8 сағаттан ойнайсың. Бұл – әлемдік рейтингтегі үздік командаларына қарсы жеке немесе топтық кешенді жаттығулар.

Ресми матчтарға одан да үлкен жауапкершілікпен дайындаламыз: жаттықтырушылармен, талдаушылармен, тіпті психологтармен жұмыс істейміз – барлығы да бізді моральдық және тактикалық жағынан дайындау үшін көп жұмыс жасайды. Барлығы да классикалық спорттағыдай.

IEM Major Katowice тунирінің нәтижелері

Осындай нәтиже мені ешқашан да қуантпайды (ред. еск. – әлемдегі 24 үздік командаларының ішінде 9 орын). Жеке мақсаттар және команданың жоспарлары «бірнеше матчтарды жақсы ойнап, рейтинг үстіндегі оппоненттерді жеңу» деңгейінен үлкен. Үлкен бестікке кіріп, халықаралық чемпионаттарда жеңу үшін, әрдайым жаттығып, білімімізді арттырамыз. Осындай мақсаттарға жету үшін, қазіргі заманғы жастардың өздеріне мүмкіндік беретін нәрселерді құрбан етуге мәжбүрміз.

Қазақстандағы киберспорттың ерекшеліктері

Қазақстандағы үздік киберспортшы болу Еуропаға қарағанда күрделірек. Әрдайым жаттығу үшін сапалы интернет қажет. Осы проблеманы шешу үшін бірталай шешімдерді табу қажет. Бірақ біз шарттылықтарға және шектеулерге қарамай, әлемдік сахнаға шыға аламыз – бұл біздің басты айырмашылығымыз.

Бұл үлкен жауапкершілік – әлемдік аренада өз еліңді ұсыну, жанкүйерлер қолдауы бізге қысымшылықпен күресуге көмектеседі. Біздің жанкүйерлер саны Қазақстан немесе ТМД елдерімен шектелмейді. Нәтижелерге қарамастан бізді басқа ел адамдары қолдайды және біледі – бұл бізді шабыттандырады.

Үздік сәттер

Ең үздік сәт Катовице қаласында өткен соңғы турнирде жанкүйермен байланысты болды. Қолтаңба-сессия аяқталғаннан кейін, бізге қоршау үстінен фото жасау үшін 30 жасар бір ер адам жүгіріп келді. Бұл ер адам киберспорт жанкүйерлерінің таптаурынды «мақсатты аудиторияға» ұқсамайды – бұл жақсы белгі. Ойын әр түрлі адамдарды қызықтырады – бұл біздің мақсатымыз.

Игорь Ким

Қазақстандағы ACER компаниясының өкілі

IEM Major Katowice турнирінің ресми серіктесі

Брендтер киберспортшыларды қалай байқайды

Үлкен демеушілер мен брендтер байқайтын командаға қалай айналуға болады? Өте көп ойнау керек. Әр команда ең басынан бастай алады, бірақ жақсы нәтижелер үшін жаттығу қажет: ойыншының жеке қабілеттігін және команда ішіндегі тұтастықты дамыту қажет. Стресстік ситуацияларға түсу және тәжірибе алу үшін әр деңгейлі турнирлерге міндетті түрде қатысу қажет. Команда брендін сата алу үшін жылы шырайлы болып, жақсы ойнау аз, жанкүйер базасы өсу үшін БАҚ үшін қызықты болу керек. Мысалы, көптеген стримерлерді кәсіби ойыншылар деп атай алмайсың, бірақ ерекше дарындылығы үшін олардың миллиондаған жазылушылары бар. Ninja және DrDisRespect ойыншыларына қарап, көз жеткізуге болады

IEM Major Katowice турнирі қалай өтті

Шара масштабы таң қалдырады. Турнирді қызықты еткен – AVANGAR қазақстандық команданың қатысуы. Олардың ойыны Қазақстан командалары ойнай алатынын және жеңе алатынын көрсетті: әлемдегі 24 үздік команда ішінен 9 орын – бұл керемет нәтиже. Осындай шаралар киберспорт және гейминг дамуына жақсы әсер етеді: жас ұрпақ осыны көріп, нәтижелермен шабыттанады.

Турнирдегі Acer рөлі

Соңғы жаңалықтарды ұсынып, киберспорттағы бренд позициясын күшейту үшін Acer Predator турнирдің ресми серіктесі болған алғашқы жыл емес. Турнир қазіргі заманғы үлкен спорттық чемпионатқа ұқсайды: чемпиондардың виртуалдық күресі, жанкүйерлерге толы Spodek Arena, қазіргі заманғы техникалық жаңалықтарды ұсыну.

Acer ойынға арналған Triton күшті ноутбуктарын және адамды ойынға толықтай батыратын Acer Predator Thronos ойынға арналған креслоны ұсынды.

Кәсіби девайстар туралы

Осындай техниканы сатып алу үшін, киберспортпен кәсіби түрде айналысу мідетті емес. Қазіргі таңда көптеген адамдар жаңа хоббимен айналысады: кейбіреулердің жұмыстан келіп сапалы ойын ойнағысы келеді, кейбіреулер графикалық редакторларда және бейнемонтажда жұмыс істеу үшін ойынға арналған ноутбуктарын қолданады. Кей-кезде – екеуі де.

Acer Predator Triton Helios жаңалықтары – жеңілірек және жіңішкірек, әрі мобильді. Қазіргі таңда ойынға арналған ноутбуктарды өзімен бірге демалысқа немесе үйге жұмыстан алып кетуге болады. Жиілігі 144 GHz экранның жоғары тұнықтығы экрандар және күшті процессор киберспортшылар, дизайнерлер, жобалаушылар және ойын сүйер адмадар үшін ауыстыруға болмайтын «темірге» айналады.

Таптаурындар туралы

«Геймердің» таптаурынды образы бұзылуда. Киберспорт барлық адамдарды қызықтырады да, бұл тенденция одан әрі дамуда. Бұл – керемет, себебі, киберспортта жыныс өкілі, жас және тері түсіне көңіл бөлінбейді. Табыстылықтың жалғыз көрсеткіші – тек қана қабілеттілік. Тактика, ұйымшыл команда және қатемен жұмыс кез-келген спортта, сонымен қатар киберспортта да жаңадан келген спортшыны кәсіби спортшыдан ажыратады.

Хабар 24 телеарнасы