375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы ХҚКО-да «Digital Agent» мобильдік қосымшасы таныстырылды

  • 119
  • UPD: 13:48, 13.03.2019
Талдықорғандағы ХҚКО-да «Digital Agent» мобильдік қосымшасы таныстырылды

Талдықорғандағы халыққа қызмет көрсету орталығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен әзірленген «Digital Agent» мобильдік қосымшасы таныстырылды.

Жергілікті тұрғындар оны пайдалана отырып, өздеріне көрсетілетін қызмет сапасын бағалай алады. «Ол өз кезегінде жұмыстың дұрыс жолға қойылып, кемшіліктерді дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау критерийлері сыпайылық, кәсіби этика мен әкімшілік кедергілерді қамтиды. Ол әсіресе халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік кіріс, еңбек және әлеуметтік қорғау саласының жұмысын жандандыру үшін қажет. «Digital Agent» мобильдік қосымшасын App Store, Play Market арқылы ұялы телефонға жүктеуге болады.

Аманжол Жазықбаев, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

– Егер жұмысы төмен деңгейде болса, үш жұлдызбен бағаласа, сұрақтар шығады. Сізге қай жері ұнамай қалды? Дөрекі сөйледі ме немесе күту залының ыңғайы дұрыс емес пе? Мүмкін басқа бір ыңғайсыз фактілер бар шығар деп қосымша астына өзіңіздің ұсынысыңызды жазып, фотосурет тіркеп, жіберуге болады. Жібергеннен кейін мекемелерде жауапты қызметкерлер бар. 5 минуттың ішінде сізге ұялы телефоныңызға хабарласып, бірден оны шешу жолдарын қарастырады.

Хабар 24 телеарнасы