378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

SmartAstana қосымшасындағы пікірлерден Астана дәрігерлерінің рейтингісі жасалады

  • 164
  • UPD: 17:12, 13.03.2019
SmartAstana қосымшасындағы пікірлерден Астана дәрігерлерінің рейтингісі жасалады Mod.kz

SmartAstana қосымшасындағы науқастардың пікірлері негізінде Астана қаласы дәрігерлерінің рейтингісі құрылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Бұл тәжірибе білім беру саласына да қолданылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жөніндегі жаңалықпен Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова бөлісті.

«Жақында біз SmartAstana қосымшасында дәрігер рейтінгісі функциясын қостық. Оны жасау өте оңай: кабинеттердің есігіндегі тақтайшадағы QR-кодты сканерлеу арқылы іске асырылады. Кезек күтіп тұрғанда немесе дәрігердің қабылдауынан шыққанда сіз телефоныңыздағы SmartAstana қосымшасын ашасыз,  QR-кодты сканерлейсіз, осы кабинетте қабылдайтын дәрігерлер туралы ақпаратты көресіз, содан соң дәрігердің жұмысына баға беру немесе пікір қалдыру тетігін таңдайсыз», - деді әкімнің орынбасары.

Медициналық ұйымдардың да рейтингісі осылайша қалыптасады.

Малика Бектұрованың айтуынша, барлық шағымдар жедел қарастырылады, және тиісті шаралар қолданылатын болады. Қолданушының сұрағына жауап SmartAstana қосымшасындағы оның жеке кабинетіне түседі. Науқастардың тілектері мен ұсыныстары жинақталып, медициналық мекеменің жұмысында есепке алынады.

«Бұл өте жақсы, жеткілікті түрдегі объективті кері байланыс. Оның қолдан жасалған «лайк пен комментарийлер» емес, тіркелген қолданушылардың шынайы пікірлері екенін білеміз»,- деді М.Бектұрова.

Рейтинг нақты уақыт режимінде қалыптастырылады. Әкім орынбасарының айтуынша, ол әлі көпшілікке жарияланбаған, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына арналған және медициналық мекеме мен оның қызметкерлерінің жұмысын бағалау үшін қолданылады.

«Бірақ жарты жылдың немесе бір жылдың қорытындысы бойынша ең үздік немесе кең танымал дәрігерлер туралы ақпарат халыққа жарияланады деп ойлаймын»,- деп қосты спикер.

Бұл тәжірибені Астана әкімдігі білім беру саласына да қолдануды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы