389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында қызметтік иттердің көмегімен 2 айда 34 қылмыс ашылды

  • 573
Жамбыл облысында қызметтік иттердің көмегімен 2 айда 34 қылмыс ашылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 34 қылмыстық істің беті ашылып, 78 келі есірткі заттары тәркіленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицияның сенімді серігіне айналғанның бірі жарылғыш зат іздесе, енді бірі қылмыскердің ізіне түсіп, түрлі заңсыз әрекеттерді ашуға атсалысып жүр. Өңірдегі кинологиялық орталықта неміс пен Бельгия «овчаркасы», лабрадор, спаниель тұқымдасына жататын жалпы саны 65 иісшіл ит бар. Қарға баулы қырағыларды 12 кинолог маман баптап үйретеді.

Әділхан Шерубаев, ҚР ІІМ кинологиялық орталығының Жамбыл облысы бойынша аймақтық тобының аға жедел уәкілі:

– 2018 жыл бойынша 12 айдың ішінде қызметтік иттердің көмегімен 255 қылмыс ашылды. Жылдың басынан бастап қызметтік иттің көмегімен 34 қылмыс ашылды. Оның ішінде есірткі іздеу бағыты бойынша және де ұрлық бойынша.

Хабар 24 телеарнасы